Махамбет-дауылды жырлардың дауылсаз ақыны

Махамбет Өтемісұлы . Осы бір есімнің өзін естіген кезде көз алдымызда,

елін сүйер, жерін сүйер, ер кіндік үшін күркскен батыр ақынның бейнесі

елестейді. Ол азаттық үшін күрес жүргізүшілердің бірі. Өзінің жазған әрбір

олеңінен біз биік рухаты, алапат күшті туған жері деген сүйіспеншілікті,

махаббатты, батылдықты айқын көре аламыз. Исатай Тайманұлымен жол

бастап билікке қарсы шыққан Махамбет, арынан енген ерен ерлерін

жігерлендіру үшін кәптеп өлеңдер шығарған.

Махамбеттің өлеңдері аз шумақты, бірақ өтетерең мағыналы. Өлеңінің әр

бір сөзінен сөз жетпес құдыреттілік пен шешендікті көруге болады. Мән-

мағынасын тусініп оқи білген адам, ақынның мінезін, ішкі дүниесін сезіне

алады. Әрине, бұл оңай іс емес.

Махамбетті ерекше ететін оның мінезінің бірбеткейлігі.Жәңгірге айтқан сөзі

бұған дәлел:

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын,- міне, осы төрт қатардың өзінде

терең ой жатыр. Махамбет Жәңгір ханның бейнесін бейнелеп батыр

сөздерімен жеткізген. Дәл осындай қадамға баруының әрине өзіндік себебі

бар. Себебі, Жәңгір хан халықты еркінділігінен айырды, жерлерінен айырп,

оларды орыстарға берді.

Сонымен қатар Махамбеттің Жәңгірдің атына айтқан тағғы бірөлеңі бар.

Хан ұлына қас бөлу

Қара ұлына бас бөлу

Мендей ерге жән екен,- деген сөздермен ол сөздермен

Жәңгірге ат құйрығын бір жалата үзеді.

Исатай - Махамбет өлеңдерінің басты кейіпкері. Ол көтерілістің басшысы,

мондай-ақ Махамбеттің аға санаған серігі. Махамбет Исатайдың бейнесін өз

өмірінің мәні - мағынасын халық мүдесі мен әділдік, теңдік үшін күркспер

деп тынып, сол ізгі жолда жанын алмай құрбан болуға барған кұүресшы деп

бейнелейді.

Осыдан артық батырдың бейнесін жасау болмас.Махамбеттің Исатайға

арнаған өлеңдерінде адалдығы мен істері, ерлік үлгілері жарқырата

көрсетілген. Батыр қолбасы, көтеріліс бастаушысы Исатайды Жәңгір хан

өмірінен айырады. Исатайдан айырылған Махамбет қатты қайғырады. Өзінің

өмірлік досы, бастаушысынан айырылады.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос,- деп, осы өмірде жалғыз

қалғанын айтады. Бағыт- бағдарынан айрылып, құсада жүргенінде

Махамбетті өзінің туысқаны, Жәңгірдің берер байлығы үшін опасыздықпен

өлтіреді.

Махамбет - жақсыларға еп, жамандарға көн, лапылдаған өрт. Оның

Исатайға қосылып,билікке қарсы көтеріліс бастауының бір ғана себебі бар.Ол

-тәуелсіздік. Махамбет те, Иссатай да халқының еркін болуын, өз жеріне өзі

ие болуын қалаған. Осы жолда өздерін де құрбан етті, ,,Елім" жыр жырлап ,

бостандықты аңсады . Олардың еңбегі әрине зая кеткен жоқ. Қазіргі таңда

сол Махамбеттер аңсаған бостандыққа біз жеттік. Міне тәелсіз өмір сүріп

жатқанымызға жиырма бес жыл болды. Осы уақыт ішінде талай белеңдерді

бағындырып , жетістіктерге жеттік. Және де біз тәуелсіз елдің ұландары ,

Махамбет есімін ұмытпай, ұлықтап жүреміз.

326
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно