Тəуелсіздігім-мызғымас тұғырым!

Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне 25 жыл! 1991 жылы еліміз өзінің

егемендігіне қол жеткізіп,ансаған арманына жетті. Осыдан кейін өзіміздің

рəміздеріміз,ұлттық валютамыз бекітілді. Бұл жылдар аралығында еліміз

көптеген жетістіктерге жетті. 1465 жылы құрылған қазақ елі бүгінде əлем

танитын алпауыт мемлекеттердің қатарындағы Қазақстан Республикасы. 2016

жылдың ең басты мерекесі ол Тəуелсіздігімізге 25 жыл толуы. Бұл мерекені өз

дəрежесінде атап өту үшін,еліміздің əр қалалары қызі дайындық жүргізуде.

Тəуелсіздікті сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман еткен,мақсаттарына қол

жеткізу үшін аянбай еңбек етті. Найзаның ұшымен,білектің күшімен өз елдерін

қорғады.Əрине,олар арманда кетті,бірақ олардың мақсаттарын кейінгі ұрпақ

жүзеге асырып,армандарын орындады. Жалпы қазақ деген қайсар халықтың

басынан нелер өтпеген . Қандай қиын замандар болсада мойымай қарсы

тұрып,төтеп берген,шыдамдылық танытып,ақылмен жеңіске жеткен. Бұндай

сабырлы əрі төзімді ел Тəуелсіз болуға əбден лайық . Рас,бірнеше жылдар

бойы Ресейге тəуелді болдық. Бірақ соған қарамастан "Қазақ" деген

атымызды шығарып көптеген жетістіктерге жетті. Біздің ең ұлы жеңісіміз

егемендігімізге қол жеткізуіміз болды. Бұл мереке бəріміз үшін өте маңызды

жəне құнды мереке болып табылады.

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тəуелсіздік тандары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз

үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан

алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың

қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының

(этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы –

Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп

отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен

оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген

ұлы билер дəстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тəн өзіндік

шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномəдени

үлгілерін жасау арқылы əлемдік өркениетке қосқан алып үлесін,

батырларымыздың жер мен ел тəуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын

сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нəсіп еткенін түсінуге

ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен

Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен

қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан

даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дəстүрлі тарихи

жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау

саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері

туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме

бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат

үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық

үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті.

Ханның басы қанжығада кете барды...

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен

соғысқан Кенесары жауынгерлері əуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай»,

«Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны

мəлім. Əруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры

түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің əсерін

сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің,

адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда

жатыр.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел

мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық

мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан

Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мəртебесін көтерді, Қазақ елін аса

іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау

өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын

торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап

қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл

табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған

аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған

асыл мұрасы екні сөзсіз.

260
Қожабаева Балжан
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно