Дұрыс тамақтану

Адамның денсаулығы ананың құрсағында жатқанда қалыптасады.

Салауатты өмір салтын ұстанған адамдардың ұрпағының да денсаулығы

мықты болады. Балаларға кішкентайынан дұрыс тамақтануды әдетке

айналдыру керек. Көкөніс, жеміс-жидек,ет, сүт тағамдарын үзбеген жөн.

Күніне кем дегенде 400 грамм көкөніс, жеміс-жидек жеу керек. Сенің

денсаулығың не ішіп-жейтініңе байланысты. Қазіргі кезде мектеп

оқушылары газдалған сусындарға құмар. Ол адам денсаулығына зиян.

Америкада семіздік ауруы өршіп кеткен. Оның негізгі себебі – адамдардың

«фаст-фуд» өнімдерді тұтынып, газдалған сусын ішетіндігінде. Бізде де осы

жағдай мәселеге айналып келе жатыр. Бұлай тамақтанғаннан адамның ойы

да, бойы тежеледі, сүйектері жетілмейді. Айран-сүт ішпеген балада кальций

жетіспейді. Көкөніс, жеміс-жидекті аз пайдаланғаннан жүрек-қан тамырлары

аурулары жиі байқалады.

Менің денсаулығым қоректі тамақтар жеу арқылы жақсы деп

ойлаймын. Ұйықтар алдында ішемін, таңертеңгісін сүзбе жеймін. Жылқы

етін пайдаланып, қымыз ішемін. Тамақтың алдында, соңында жеміс-жидек,

көкөніс жеймін. Майлы тамақты шектегенмін. Нанды да өте аз жеймін.

Ұйқы режимін дұрыс қалыптастыру да денсаулыққа әсер етеді. 10-нан

кеш жатпаймын. Таңертең 5-6 да тұрамын. Жаттығу залым бар, сонда түрлі

спорттық құралдармен жаттығу жасаймын. Қолым қалт еткенде,тауға

шығамын.

Мен қатарлы жас жеткіншектерге айтарым «Жастайыңнан

денсаулықтың қадірін біл» дегім келеді. Өз денсаулығымды күтуді сабақ

болсын деп айттым. Денсаулығы мықты ұрпақ – рухани жағынан дамуға

қабілетті болады.

366
Айданна Уркимбаева
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно