Қазақтың Нұрсұлтаны

1940 жыл 6 шілде күні Шомалғанда Əбіштің отбасында дүниеге

келген бала, сол шаңырақтың қуанышына айналып бақыт əкелді.

Бірақ сол кездегі дүниеге келген Нұрсұлтанның, бүкіл Қазақстанның

қуанышы мен болашағына айналатынын кім білген! Бүгінде ол

қазақтың мақтанышы,біздің тұңғыш Президентіміз , халқының

жанашыр ұлы ,жəне Қазақстан деген керемет елді дамытып отырған

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Қазақстан елге де бай, жерге де бай,

дəстүрімен қара алтын кенге де бай. Қазақ тілінің мəртебесімен,

ұрпағының намысын ойлаған Президентіміз білім беруге көбірек

күш салады. Елбасымыз, 1465 жылы хандық құрған Керей мен

Жəнібектің жолдарын жалғастырушы қайсар ұрпағы.

1465 жылы құрылған Қазақ хандығын, 1991 бері барша əлем таниды.

Сол кезедгі кішігірім ғана хандық бүгінде алпауыт мемлекет, қазақ

халқы қоныстанған қазақ елі, жəне 130-дан астам ұлт өкілдерімен,

бір атаның балаларындай тату тұрған, бауырмал Қазақстан. Осы

жылдар аралығында Қазақстан əлем танымастай өзгерді. Əрине,

мұның бəрі Елбасымыздың еңбегі. Ол, бейбітшілік қаласы Астананы,

əсем қаланың символы ретінде аспанмен таласқан бəйтеректі

тұрғызды. Президентіміздің ақ пейілімен, жанашырлығы елімізді

үнемі дамыту үстінде. Біз, толыққанды тəуелсіз мемлекетпіз! Бізде

барлығы бар. Тіліміз-қазақ тілі, дініміз-Ислам. Өз рəміздеріміз, өз

еліміз бар. Құрметті, Нұрсұлтан Əбішұлы! Раббымыз сізге ұзақ өмір,

мықты денсаулық, күш-қуат берсін. Қазақстанды осындай биік

дəрежеге жеткізгеніңіз үшін, сізге мың алғыс! Сіз барша қазақтың

басына қонған бағысыз. Қазақ елі сіздей ұлының болына мақтанады.

131
Қожабаева Балжан
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно